Ақтөбе облысының білім басқармасы Қобда ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақсай бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өзін-өзі бағалау ҚОРЫТЫНДЫСЫ Қобда ауданы, Ақсай ауылы 13 маусым 2023 жыл ҚР «Білім туралы» заңының,, ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 124 бұйырығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары» мен де басқа нормативтік актілерге және Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің мемлекеттік аттесттауға жататын білім беру ұйымдарының кестесіне сәйкес, 2021 жылдың 31 желтоқсандағы №140 бұйрыққа және 2022 жылдың 8-қаңтардағы № 1а бұйрықтары негізінде, 13 мамыр мен 13 мауысым аралығында Қобда ауданының Қобда ауылы Жарсай негізгі мектебі өзін –өзі бағалауын ұйымдастырып, өткізді. Білім беру ұйымы туралы жалпы мәліметтер: 1) Мекеменің атауы: «Ақтөбе облысының білім басқармасы Қобда ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ақсай бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2) Білім беру ұйымының орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Ақсай ауылы, Астана көшесі 17 3) Заңды тұлғаның байланыс деректері: 871 341 73-0-94, электронды поштасы aksay/Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. 4) Заңды тұлға өкілінің байланыс Бекешева Гульнар Кабдушовна Ақтөбе облыстық білім басқармасының 2018 жылдың тамыз№414- Vайының №48 бұйрығымен тағайындалған. 5) Құқық белгілейтін және құрылтай құжаттары: Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі Ақтөбе облысының әділет департаменті Ойыл ауданаралық әділет басқармасы 2021 жылдың 15 қаңтарда берілді. БСН 971140001351 6) Рұқсат беру құжаттары: Жалпы білім беру саласында білім беру қызметін жүргізуге 05.02 .2021 ж. № KZ50LAA00022193 мемлекеттік лицензиясы мерзімі шектелмеген уақытқа берілген. Мектептің заңды тұлға ретінде, Қазақстан Республикасының Елтаңбасы мен өз атауы жазылған мөрі және бұрыштамасы (штамп) бар, ал қаржы-экономикалық жағы аудандық білім бөлімінде орталықтандырылған. Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып мектепте білім берудің мазмұнына қойылатын талаптар: Мектептің білім беру қызметі ҚР «Білім туралы» заңына, ҚР бастауыш, орта және орта жалпы білім берудің нормативті құжаттарына, ҚР БжҒМ бұйрықтары мен Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының нұсқаулық хаттарына, ҚР орта жалпы білім берудің бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдары қызметінің типтік Ережелеріне және облыс әкімдігінің 23.12. 2020 жылғы №469 қаулысымен бекітіліп Мектеп Жарғысына сәйкес жүзеге асырылуда. Мектепте бір ауысымда білім беріледі. Оқыту тілі-қазақша, барлығы 2 класс комплекті, онда 7оқушы білім алады. Мектеп бойынша кластардың орташа толымдылығы – 2-3 оқушы. Мектепте 4мұғалім қызмет етеді, сапалық құрамы 100%. Мектеп ғимараты бір қабатты, жалпы көлемі шаршы метр. Мектепте оқу процесін ұйымдастыруға бағытталған 4 оқу кабинеті, кітапхана, , асхана бар. Мектептің айналасы қоршалған, көгалдандырылған. Бағаланатын кезеңдерге жаңа оқу жылына дайындық актісі жасалған. «Өртке қарсы қауіпсіздік талаптарының орындалуы, «Санитарлықэпидемиологиялық қызмет» туралы жауапты мекемелер рұқсаты бар. Мектептің 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасы бар. Мақсаты: «Білім беруде қолданылатын технологияларды пайдалануды арттыра отырып, оқушымен шығармашылық жұмыс жасауды арттыру» Қазіргі уақытта осы мақсатты көздеп жұмыс жасауда. Бағаланатын кезеңге мектеп бойынша жылдық жұмыс жоспары құрылған, бекітілген. Барлық оқу жылдарындағы жылдық жұмыс жоспарларына өткен жылдық талдау жасалып, тігіліп, жинақталған. Жұмыс оқу жоспары мектеп директоры тарапынан бекітіліп, Қобда аудандық білім бөлімімен және 2022-2023 оқу жылында Ақтөбе облыстық білім басқармасымен келісілген. "Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 26 наурыздағы № 125 бұйрығына (4 қосымшаның 6 тарауы-ерекше білім беруге қажеттілік, 14 қосымша-бастауыш сынып, 19 қосымша-негізгі буын, 29 қосымша-жалпы орта білім беру) негізделіп жасалған оқу жоспарлары бойынша жазылған түсінік хаттарының мазмұны толық ашылған. Оқу жоспарларының инвариантты, вариативті компонентіндегі міндетті пәндердің апталық сағат сандары нақты көрсетілген компоненттен алынған курс, үйірме сағаттары оқушылардың сұранысы мен мектептің материалдық, кадрлық мүмкіндігіне сәйкес бөлінген. Оқу-тәрбие үдерісінде қолданылатын бағаланатын кезеңге арналған сабақ кестелері жасалған, тұрақты . Әрбір жарты жылдық сайын өзгертіліп құрылған. Сабақ кестесін құрған кезде ҚР БҒМ 2020 жылғы 13 тамыздағы № 345 бұйрығы, «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» туралы 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығы негізге алынған. 2022-2023 оқу жылындағы мектептің жұмыс оқу жоспары бойынша 1-4 кластардағы вариативтік компоненттен оқушылардың бейімділіктері мен қызығушылықтарына сәйкес элективтік курстар. Барлық вариативтік компоненттен берілген курстардың күнтізбелік жоспарлары бекітілген. Вариативтік компонент пәндері электронды журналдың «Қосымша білім беру(ҚББ)» бөліміне салынды. Электронды журналда мерекелік күндерге түскен тақырыптар «/» арқылы біріктірілді. «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны бағаланатын кезеңде ҚР БжҒМ -нің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығына сәйкес 1-4 сыныптарда «Дүниетану» пәні аясында (1-3 сыныптарда 6 сағат, 4 сыныпта 10 сағат) жүргізді. Өмір қауіпсіздігінің және ақпараттық технологиялар негіздері» оқытушы ұйымдастырушысы жүзеге асырады. «Жолда жүру ережелері» 1-4 сыныпта 6 сағаттан сынып сағатымен кіріктіре өткізілді. 2022-2023 оқу жылында 1-4 сыныптағы сынып сағатымен бірге, тақырыптар электронды журналдың «ҚББ» бөлігінде жеке бет арналып, жазылды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылатын инвариантты және вариативті компонент пәндерінің базалық мазмұнының игерілуін зерделеу мақсатында электронды, қағаз журналдар тексерілді. Оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын бақылау келесі аспектілерді қамтыды: 1. Оқу материалын өтудің жүйелілігі және әрбір тақырыпты зерделеуге арналған бағдарламада айқындалған сағат санын сақтау (материалдың өтуінің күнтізбелік жоспарлауға сәйкестігі). 2. Нақты өткізілген сабақтардың саны. 3. Бақылау және жиынтық жұмыстардың міндетті минимумын орындау. Бағдарламаның орындалуында ауытқушылық жоқ. 2022-2023 оқу жылы бойынша 1-4 сыныптар үшін электронды журнал (kundelik.kz) жүргізілді. Барлық пәндер бойынша күнтізбелік тақырыптық жоспарлау (КТЖ) жарияланып, күні бойынша үлестірілді. Электронды журналда мерекелік күндерге түскен тақырыптар «/» арқылы біріктірілді. Мерекелік күндер: 1 желтоқсан, 16-17 желтоқсан, 8 наурыз, 9 мамыр. Білім алушылардың таным мәселелерін шешуге және субъективті жаңа білімді меңгеруге, ұлттық дәстүрлерді, мәдениетті зерделеуге және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарытуға бағытталған тәрбие жұмысын іске асыру Жарсай негізгі мектебінің тәрбие жұмысын жоспарлауда келесі құжаттар басшылыққа алынып отыр: 1) «Бала құқығы туралы» БҰҰ Конвенциясы; 2) Қазақстан Республикасының Конституциясы; 3) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі. 26 желтоқсан 2011жыл; 4) «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы Заңы; 5) «Тұрмыстық зорлықзомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 214-IV Заңы; 6) «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 02 шілдедегі №169VI Заңы; 7) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы; 8) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; 9) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері. 10) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 1 қазандағы № 525 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында өлкетануды дамытудың тұжырымдамалық негіздері. 11) Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері әдістемелік нұсқау хаты. Мақсаты: - білім алушылардың рухани-адамгершілік дамуын қамтамасыз етуге бағытталған жалпыадамзаттық, ұлттық және отбасылық құндылықтарды дамыту; -білім алушылардың өзін-өзі тануын, өздігінен дамуын, әлеуметтік жауапкершілігін және әлеуметтенуін қалыптастыру; - экологиялық мәдениетін, салауатты және қауіпсіз өмір салтын тәрбиелеу. Тәрбие жүйесін білім беру ұйымының ұжымы бірігіп жүзеге асырады. Білім алушылардың дамуы үшін жобаны жүзеге асыруға барлық қызметкерлер өз үлесін қосады. Міндеттері: Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүре алатын, отаншыл және азаматтық қасиет қалыптастыруда жәрдем беру; саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдени тұлғаны қалыптастыру; балалар мен жастардың құқықтық санасының, олардың балалар және жастар ортасындағы қатыгездік пен күш көрсетуге қарсы тұру дайындықтарын дамыту. Қазақстан қоғамындағы өмір сүру дәстүрлері мен талаптарына сай, жеке тұлғаның рухани-адамгершілік және этикалық қағидаларын, оның мақсаты мен моральдық қасиетін қалыптастыруға көмектесу. Жеке тұлғаның жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар бағытына , ана тілге және қазақ халқының мәдениетіне құрметін, Қазақстан Республикасының ұлысына және ұлыс топтарына мүмкіндік беру. Ата-аналарды ағарту, баланың жеке тұлғасын қалыптастыруда оның психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін арттыру, бала тәрбиесіндегі оның жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік беру. Кәсіби өзін-өзі анықтауда тұлғаның экономикалық санасын, қарым-қатынасты сезіну және еңбек дағдыларын қалыптастыру, экологиялық мәдениетін дамыту, сонымен қатар күнделікті өмірдегі эволюция идеясын қабылдауға және оны басшылыққа алуға икемдену. Зияткерлік мүмкіндіктерді дамытуды қамтамасыз ететін, мотивациялық кеңістікті, көшбасшы қасиетін және әрбір тұлғаның қабілетін ұйымдастыру, оның ақпараттық мәдениетінің қалыптасуына мүмкіндік беру. Тәртіптің жалпы мәдениеттік дағдыларын қалыптастыру, өнерде және қызметтегі эстетикалық нысандар бағасына, меңгеруіне, қабылдауына жеке тұлғаның дайындығын дамыту. Салауатты өмір салтының дағдыларын нәтижелі қалыптастыру үшін кеңістік құру, физикалық және психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтауды білу. Мектеп және сынып жетекшілердің тәрбие жұмыстары төмендегі бағыттарды қамтыды: 1) Қазақстандық патроитизм және азаматтық, құқықтық тәрбие. 2) Рухани адамгершілік 3) Ұлттық тәрбие 4) Отбасы тәрбиесі 5) Еңбек,экономикалық және экологиялық тәрбие 6) Зияткерлік тәрбие,ақпараттық мәдениет тәрбиесі 7) Көпмәдениетті және көркем - эстетикалық тәрбие 8) Дене тәрбиесі салауатты өмір салты. Жол қауіпсіздік ережелерін насихаттау, балалар жарақатын болдырмаудың алдын алу шаралары, өрт қауіпсіздігіне арналған шаралар, ҚР мемлекеттік нышандарын насихаттау және қолдану бағдарламасы бойынша іс-шаралар, діни экстремистік көзқарасқа қарсы жүргізілетін ісшаралар кенінен жоспарланған. Сонымен қатар «Театр және балалар» , «Дебат» , «Оқуға құштар мектеп», «Қоғамға қызмет» жобалары бойынша жұмыстар тәрбие жоспарына кіріктірілді. Аталған бағыттар бойынша бағаланатын кезеңде жоспарланған жұмыстар атқарылған. Дәлелдемелері жинақталған. Соңғы жылдары өткізілген шаралар @ инстаграм парақшасында жарияланып отырған. Ата-аналармен жұмыс бір жолға қойылған. Ата-аналармен бірлесе «Қамқор» әжелер клубы, «Байтерек» әкелер клубы, Қамқоршылық кеңес, бракеражды комиссия қызметін атқаруда. Үштік одақтың мықты бірлігі-оқушының жетістігінің , тәрбие саласының бір арнаға тоғысуының белгісі. Оқушылардың азаматтық санасы жетілген тұлға ретінде тәрбиелеу мақсатында құқық бұзушылықтың алдын алу үшін әртүрлі шаралар өткізілген (кездесу, сауалнама, экскурсия, кештер, әңгіме, лекция). Осы жұмыстар арқасында мектеп әрдайым үлгі тұтар мектептер қатарында көрініп келеді. Жыл Психология лық денсаулығы на байланысты орталықта тұрған оқушылар саны Суиц идтік әреке ттер саны Қылм ыстар саны Құқық бұзуш ылық саны Аудандық есепте тұрған оқушылар саны Мектепішілік есепте тұрғандар саны Тәуекел топтағы оқушылар саны 2022-2023 0 0 0 0 0 0 0 Тәрбие жұмысының нәтижелігінің негізі - оқушылардың тәрбиелік деңгейінің көрсеткіші. Мектептегі оқушыларының тәрбиелік деңгейі: Жоғары-100% Жақсы-0% Орташа-0% Төмен-0% Тәрбие көрсеткішінің жоғары болуының басымдығы мектептегі тәрбие жұмысының сапасының бір жолға қойылғанын көрсетеді. Ақсай бастауыш мектебі бойынша 2022-2023 оқу жылдарында білім алушылардың рухани-адамгершілік, азаматтық -патриоттық, көркемэстетикалық, еңбек және дене тәрбиесін іске асыруды қамтамасыз ететін жиынтығында сабақтан тыс ісәрекеттің әртүрлі нысандарын ұйымдастыру сабақтан тыс іс-әркеттің әртүрлі нысандарын ұйымдастыру туралы анықтама Оқу жылы Барлық оқушы Аудандық оқушылар үйі, музыка мектебі, спорт мектебі, денешынықтыру сауықтыру комплексіне берілген үйірмеге қатысатыны Мектепішілік үйірмелерге Секцияларға оқушылар саны пайызы оқушылар саны пайызы оқушылар саны пайызы 2022-2023 о.ж 7 0 68% 7 100% 7 100% динамика 0 100 100 2022-2023 оқу жылдары аралығында оқушылар аудандық оқушылар үйі, музыка /өнер/мектебі, спорт мектебі, дене шынықтыру сауықтыру комплекстеріне қатысты, пайыздық мөлшерде кестеге салынды. Үйірме жұмыстары бойынша нәтиже оқушы саны аудандық облыстық республикалық халықаралық пайызы 2022-2023о.ж. 7 0 1 2 0 40% . Сонымен қатар Педагогтер тарапынан оқушының жетістіктерін бағалауды вариативтілік қолданылады, ТЖБ, БЖБ кезінде оқушы мүмкіндігіне сай тапсырма ұсынылады. Тоқсан сайын даму деңгейі туралы күнделік жүргізіліп, оқушы дамуындағы өзгерістер көрсетіліп отырады. Бағаланатын кезең бойынша білім алушылардың оқу жүктемесінің көлемінің сақталуы Бастауыш білім берудің типтік оқу жоспарындағы оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі сақталған: 2022-2023 1 сынып 19,5 2-сынып 24 3 сынып 26 4 сынып 26 2, 3, 4-сыныптар үшін оны орындау мүмкіндігін ескере отырып (астрономиялық сағаттарда) үй тапсырмасына қойылатын талаптарды сақтауы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2021 .24-сәуірдегі № 182 бұйрығының 10-тармағына сай үй тапсырмасын (бір оқу күнінде) орындауға кететін уақыттың көлемі: Сыныптар 2 сынып 3 сынып 4 сынып Шекті уақыт 50 минут 70 минут 70 минут Электрондық немесе қағаз түріндегі сынып журналына «Үй тапсырмасы» бағанында Ұсынымдарға қосымшаға сәйкес уақытты ескеріп жазу туралы айтылған. Ақсай бастауыш мектептің педагогтерінің осы талаптарды орындауы, 2, 3, 4сыныптар үшін оны орындау мүмкіндігін ескере отырып (астрономиялық сағаттарда) үй тапсырмасына қойылатын талаптарды сақтауы «Күнделік» электронды журналы арқылы анықталды. Нәтижесі: Оқу жылы 2022-2023 Бір күндік бұзушылықтар саны, бірлік 0 Бағаланатын кезеңге 2,3,4 сыныптар үшін үй тапсырмасына қойылатын талаптар сақталған, яғни 2-сыныпта 50 минуттан, 3-сыныпта 70 минуттан, 4- сыныпта 70 минуттан аспайды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 52 бұйрығымен білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарына сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауды жүзеге асыру мен қалыптастырушы және жиынтық бағалау талаптарын сақтауын бақылау нәтижелері бойынша бағаланатын жыл бойынша бақылау және жиынтық жұмыстардың міндетті минимумы орындалды. БЖБ мен ТЖБ саны нормаға сәйкес. ПЕДАГОГ ЖӘНЕ ОҚЫТУШЫ КАДРЛАРМЕН ЖАСАҚТАЛУЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ Педагог қызметкерлердің саны (ҰБДҚ есебі бойынша ) 4 педагог. Білімі бойынша: Оқу жылы Мұғалімдер саны Магистр дәрежесі жоғарғы Арнаулы орта 2022-2023 оқу жылы 4 0 3 1 4 педагогтың негізгі жұмыс орны осы мекеме болып табылады. Педагогтердің оқытатын пәні дипломына сай келуі-100%. Сотталмағандар саны-4 (100%). Санаты бойынша: Оқу жылы Мұғалімд ер саны Жоғарғы + Педагог зерттеуші Бірінші біліктілік санатты + педагогсарапшы Екінші біліктілік санаты + педагог модератор Санатсыз Педагог ұжымның жоғары,бірінші санаттысы ( %) 2022-2023 4 2 1 1 0 0 Аттестациядан өтудің перспективалық жоспарына сәйкес біліктілік деңгейін арттырды. Педагог-зерттеуші Педагог-сарапшы Педагог-модератор 2022-2023 - 0 0 Конкурстар мен жарыстардың жеңімпаздарын дайындаған педагогтер туралы мәліметтер (жетістіктер кестесі және диплом көшірмелері қосымша жалғанады). Оқытылатын пәнінің бейініне сәйкес соңғы бес жылда кадрлардың біліктілік арттыру және қайта даярлаудан өткені туралы мәлімет Жылдар Жалпы педагогтар саны Курс түрі 2022-2023ж 4 2 1 0 0 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ МАРАПАТТАРЫ БАР ПЕДАГОГТЕР: Бекешева ГульнартКабдушовна 2023ж Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Құттықтау хаты асқ а ин кл юз ив 3 D мо де л де у Ро бо т о те хн ик а Ү ш ті лд ілі к Ж аң ар т ыл ға н бі лі м бе ру ма зм ұн ы Ба за лы қ Облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасы Жылдар мұғалімдер 1 2022-2023 Бекешева Г.К. Педагогтардың кәсіби байқауларға қатысымы Мұғалімнің аты-жөні Байқау атауы уақыты нәтижесі Аудандық байқау 2022-2023 ж Облыстық байқау Республикалық, халықаралы қашықтық байқаулар 1 БекешеваГ.К. ПедСтарт олимпиадасы 2022 3 орын 2 Бикеева Д.Т. «ПЕД СТАРТ» олимпиадасы 2022 1 орын 3 Насумова Л.У. «ПЕД СТАРТ» олимпиадасы 2022 3 орын 4 Бикеева Д.Т. «Мұқағали оқулары» 2022 1 орын САНИТАРИЯЛЫҚ ҚАҒИДАЛАР МЕН НОРМАЛАРҒА СӘЙКЕС ТАМАҚТАНДЫРУ ОБЪЕКТІСІНІҢ БОЛУЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР «Ақсай бастауы мектебі » КММ бойынша ыстық тамақтануды ұйымдастырылуы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Ақтөбе облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Қобда аудандық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының 2019 жылы 04 наурыздағы №D.11.H.KZ80VWF00002016 санитариялық-эпидимиологиялық қорытындысы негізінде жүзеге асырылады. Мектепте ыстық тамақтану Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығы «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары; "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялықэпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығы; «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру» қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 Қаулысы; ҚР Білім және ғылым министрінің «Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу» қағидалары 24.05.2022 № 231 негіздерінде ұйымдастырылған. Мектеп асханасы: - 20 орындық; - тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтерді жеткізуші жеке кәсіпкер «Муканова Жанар Абилхаировна»; - оқушылар екі ауысымда бекітілген кесте бойынша тамақтанады; - асханада кезекшілік кесте бойынша жүргізіледі. Мектептегі тамақтану сапасын тексеруді мектеп бракераж комиссиясы жүзеге асырады. Бұл комиссия мектепте білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен құрылады, комиссия құрамында ата-аналар комитетінің өкілдері, мектептің медбикесі, әкімшілік және әлеуметтік педагог. Комиссия, өнімдердің сапасын, пісіру сапасын тексереді, салмағын бақылайды және күнделікті ас мәзірін перспективалық мәзірмен салыстырады. Сонымен қатар, мектепте ыстық тамақ сапасына мониторинг жүргізетін комиссия тағайындалады. Комиссия тоқсан сайын өнімдерінің сапасына, тамақ өнімдеріне сертификаттарының болуына, дайындалған тағамдардың сапасына, асхананың санитарлық жағдайына мониторинг жүргізеді. (Білім беру ұйымдарын бағалаудың өлшемшарттарының 7-қосымшасына сәйкес барлық құжаттар қосымша жалғанады). ПАЙДАЛЫ ОҚУ АЛАҢЫ, МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАСЫНЫҢ БОЛУЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР «Ақсай бастауыш мектебі» КММ-сінің құрылысының бірқабатты. Салынған жылы -1967 ж. Жобалық қуаты – 180 орындық. Мектеп типтік 1- қабаттан тұратын мекемеде орналасқан. Жалпы көлемі -625 кв.м Материалдық-техникалық базаның сипаттамасы: Жарсай негізгі мектебі бойынша жалпы үй жайлар, бөлмелер саны -12 • Оқу кабинеттері- 4 • кітапхана -1 • асхана - 20 орындық Ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін жағдайлар жасалынған. Ғимаратта пандус, тактилды плиткалар, кантрасты бояу орнатылған. Қосымша әлеуметтік инфрақұрылым объектісінің қолжетімділік паспорты жалғанады. Мектеп ауласы қоршалған, көгаландырылған.. Білім беру ұйымының іргелес жатқан аумақтарын бақылау мақсатында сыртта - 6 камера, іште -4 камера қойылған. Жалпы 10 бейнекамерамен қамтамасыз етілген. (Білім беру ұйымдарын бағалаудың өлшемшарттарының 8-қосымшасына сәйкес барлық құжаттар қосымша жалғанады). БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУІ, ОНЫҢ ІШІНДЕ КОМПЬЮТЕРЛЕРДІҢ, ОҚУ ЗЕРТХАНАЛАРЫНЫҢ, ОҚУ ПӘНДЕРІ КАБИНЕТТЕРІНІҢ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ БОЛУЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР Мектеп бойынша оқу кабинеттері-4, • кітапхана -1 Жалпы компьютерлер саны -2 . Ноутбуктер саны -4. жалпы саны -6. Мектеп бойынша ғаламтор байланысы жылдамдығы -20 мб\с. . Жиһаздар туралы мәлімет қосымша жалғанады. /қабылдау актісінде көрсетіледі/ Кітапхана да оқу залы жоқ. Оқырман саны-7. Кітапханаға келушілер саны-20. Жалпы кітап қоры-1335, жаңа буын оқулықтары-, әдістемелік нұсқаулықтар-110, көркем әдебиеттер925, электрондық оқулық-10. Мектеп кітапханасында барлық жұмыс мектептің оқу-тәрбие қызметін ұйымдастыру ерекшелігіне байланысты жүргізіледі. Жеке жұмыстарды қолдану оқырмандардың өтініштерін толығымен қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Білім алушылар контингентінің құрылымы Ақсай бастауыш мектебі бойынша контингент саны 7 оқушы, 2сыныпкомплект, орташа сыйымдылығы-3 оқушы. Ұлты бойынша: 6-оқушы қазақ, 1-азербайжан. Ағымдағы жыл бойынша оқушылардың 5қыз бала, 2 ер бала. Мектеп оқушыларының әлеуметтік жағдайы 01.09. 2022-2023 Оқушы саны 1-4 кл 7 7 Отбасы саны 3 Толық отбасы 2 Толық емес отбасы 1 Көп балалы отбасы 1 АӘК алатын отбасы 2 Мүмкіндігі шектеулі бала саны 0 Ерекше білімді қажеттілік ететін бала саны 0 Қамқорлықтағы бала саны - Оқу сапасы Мектептегі білім беру жүйесінің жұмыс істеу нәтижелері білім алушылар мен түлектердің білім сапасымен, жетістік деңгейімен және әлеуметтену деңгейімен сипатталады. Педагогикалық ұжымның алдында білім беру ортасының инновациялық әлеуеті негізінде қызметтің сапалы көрсеткіштерін үздіксіз жақсартуды қамтамасыз ету міндеті тұр. жылдық қорытындысы бойынша үлгерімі 100%, білім сапасы –62 %, үлгере алмайтындар жоқ. Бағаланатын кезеңге талдау білім сапасы жыл сайын "4" және "5" - ке бітірген оқушылар саны мен контингентінің ұлғаюымен қатар үнемі өсіп келе жатқанын көрсетті (2020-2021 оқу жылынан бастап 1 -сыныптар бағаланбайды). Осы бағытта 2022-2023 оқу жылында диагностикалық сынама жұмыстары алынып, білімдегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жұмыстың нәтижесінде 2022-2023 оқу жылының І және ІІ тоқсанының білім сапасын салыстыра отырып, алға ілгерушілік барын көруге болады. Осы бағытта 2022-2023 оқу жылында оқушыларға білім алуға көмектесу және пән мұғалімдерінің кәсіби дамуына ықпал ету мақсатында «Мәтінмен жұмыс істеу арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» атты Lesson study жоспарланып, оқу жылының басында әдістемелік отырыста зерттеу сабағын жүргізу үшін: L.S. зерттеу топтары құрылды. – Келесі қадам – осы сыныптағы проблеманы анықтау болды. Отырыста осы бірнеше проблемадан ортақ проблема шығарылды. Ортақ негізгі проблеманы: «Мәтінмен жұмыс істеу арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» – деп алдық. Зерттелетін пәндердің пән мұғалімдерімен, сынып жетекші және психолог мамандар бірігіп, бақыланатын оқушылырды анықтады. Әр пән мұғалімі зерттеу сабағын жоспарлап, зерттеу тобымен талқыланды. Зерттеу тобының мүшелері өз ұсыныстарын айтып, сабақ жоспарларына өз үлестерін қосты. Бұл сабақтар тізбегі 3 циклдан тұрады, қазан айында жоспар бойынша1 циклі өтті, алдағы уақытта 2,3 кезеңі жоспарланып отыр. Оқушылар жетістіктері Мектеп оқушыларының пәндік олимпиадаларға, шығармашылық байқауларға, ғылыми жарыстарға қатысуы (қатысудың әртүрлі формалары) Оқушылардың зияткерлік олимпиадалар мен конкурстарға қатысу нәтижелері аудан облыс республика халықаралық 2022-2023 0 0 3 0 (Оқушылардың аудандық, облыстық, республикалық байқаулар мен олимпиадалар, шығармашылық жарыстар мен зияткерлік олимпиадалар, конкурстарға қатысу нәтижелерінің кестесі және диплом көшірмелері қоса жалғанады). 1.2. Негізгі орта, жалпы орта,білім беру педагогтардің жалпы санынан лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын жоғары және бірінші санаттағы педагогтердің, педагог-сарапшы , педагог-зерттеуші, педагог-шеберлердің үлесі71,4 % ."Uzdik" деп бағаланады. Негізгі орта, жалпы орта,білім беру педагогтардің жалпы саны-37 "Жарсай негізгі мектебі " КММ -сі негізгі жұмыс орны болып табылатын педагогтар саны -21 1.3. Зияткерлік олимпиадалар мен конкурстарға қатысу нәтижелері. Жарсай негізгі мектебі бойынша біліктілік деңгейіне, интеллектуалды ойөрісіне, спортқа, бейімділігіне шығармашылық деңгейіне, эстетикалық бейіміне, қабілеттілігінің жоғарылығына байланысты дарынды оқушылармен жұмыс жүргізіледі. Оқу – тәрбие үрдісінде оқушылардың дарындылығын дамытатын арнайы жоспар құрылды. Жоспарға сәйкес дарынды балалармен жүргілілетін мақсат пен міндеттер айқындалды. Осы міндеттерді жүзеге асыруда мектеп психологі оқушылардың танымдық әрекетін дамытуға байланысты, психологиялық ерекшеліктерін (зейін, есте сақтау, қабылдау) дамытуға, нақтылауға байланысты әр түрлі жаттығулар, диагностикалық жүмыстар жүргізеді.Осындай қабілетті, дарынды оқушыларды таба біліп, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін арттырып, ата –ана, мектеп, оқушы, ұстаз байланысын жоғары ұстап,шығармашылықпен жұмыс істеп, оқушының білімге ынтасын арттыруда жұмыс жасайды.Осындай жүргізілген жұмыстар оң нәтижесін беріп келеді. Зияткерлік олимпиадалар мен конкурстарға қатысу нәтижелері халықаралық немесе республикалық зияткерлік олимпиадалар мен конкурстар жеңімпаздарының, жүлдегерлер үлесі- 23% "Uzdik" деп бағаланады. 1.5. Жарсай негізгі мектебі бойынша мектептегі интернет жылдамдығы: -20 Информатика кабинеті – жылдамдығы 10Мб/с-тан астам 10Мб/с-тан астам.
Бiздiң сайтымызға қош келдiңiздер!
![home](/images/home.jpg)
Бiздер ресми сайтының бетiнде Сiздермен сәлемдесуге шынайы қуаныштымыз!
Осы заманғы жетiлген ақпараттық технологиялар мен ашылған Web-сайттар арқасында бүгiн бiз қызықтыратын сұрақтар бойынша қажеттi адамдармен оралымдылық қарым-қатынас жасай аламыз.
Бiздiң ашылған сайты Сiздермен ынтымақтастық пен өзара iс-қимылын жақсартып, ақпараттар айырбастауын жеделдетiп және сайтқа кiрген әр адам бiздiң өмiрi жөнiнде қажеттi ақпаратты алуға болатындығын сендiремiз.
Сiздермен бiрге бiздiң өлкемiздiң игiлiгi мен гүлденуiне өзара қарым-қатынас жасауға дайынбыз!